Күн енді ғана көкжиектен көтеріле бастады. Бірақ шілденің шуағы күттірмейді. Ауа – ыстық. Асфальттың беті жып-жылтыр. Дәл осы кезде көшенің бір бұрышынан түтіні бұрқырап, иісі аңқыған қазан көрінеді. Жүгері қайнап жатыр....
Шілденің шыжып тұрған күнінде Шиелінің шаңдақ көшелерімен жүріп келе жатқан бозбаланы көрсеңіз – білгейсіз, бұл жай ғана серуендеп жүрген жас емес. Бұл – жазғы демалысын ұйқы мен телефонға емес, еңбек пен табысқа айырбастаған жас жігіт. Ол – Нұрасыл Жандосұлы. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбазы....
Журналист – тек ақпарат жеткізуші ғана емес, ел мен елдің, қоғам мен билік арасын жалғайтын алтын көпір. Мәдениет пен руханиятты өрге сүйреген, бүгінде аудандық ақсақалдар кеңесін басқарып, «Өскен өңір» газетінде үнемі ойлы мақалаларымен танылып жүрген Исабек Байкенжеев ҚР Журналистер одағының мүшесі...
Жаздың аптапты күні алқапта пісіп-жетілген қауынның хош иісі тек иіс емес, бұл – балалық шақтың естелігі. Шілде шуағымен көмкерілген даланың тынысы, бабалардан қалған дәмнің белгісі. Сол қауыннан жасалатын қауынқақ – қазақтың төл мармелады десек, артық емес. Бұл тәтті – табиғат пен адам еңбегінің...
Шиелі жұртшылығы үшін бағбан сөзімен Әлияр Сейітовтің есімі қатар жүреді. Саналы ғұмырын су шаруашылығы саласына арнаған жанның сүйікті ісі – бау-бақша өсіру. Ол өсіріп қана қоймайды, елмен бөліседі....
Есіл мен Сыр – екі өзен. Екеуі де өз жолымен ағып жатыр. Бірақ олардың арасындағы бір ортақ ағыс бар: ол – Тәуелсіз Қазақстанның даму соқпағы. Бірі – елорданың жанында, екіншісі – Сыр елінің жүрегінде. Бірақ екеуін де бір идея, бір мұрат, бір рух байланыстырады....
Жақында Шиеліде әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, «Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мақсұт Нәлібаев және төраға орынбасары Марат Бәйімбетов...
Жуырда «Өнер орталығында» өткен «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік көрме-байқауы жергілікті өнімнің жаңа биікке көтерілгенін көрсетті. 67 кәсіп иесі ішінен 9 мықты суырылып шығып, ноутбукпен марапатталды....
Көз алдымызда түлеп жатқан өңір бар. Ол – Шиелі. Бүгінгі таңда бұл қасиетті өлке ел экономикасының ірі тыныс-тіршілігіне ұласқан, өндірістік әлеуеті күн санап артып келе жатқан маңызды өңірлердің бірі. Жақында Шиелі топырағына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының...
«Атқа мінген кезімде мен өз басым, Тақта отырған адамды менсінбеймін» деп келетін өлең жолдары бар еді. Иә, бір оқығанда менменсіну, өркөкіректік байқалатындай. Мен бірақ мұны басқаша түсіндім. Жердің кеңдігі, жылқының ерлігі деп те айтуға болады. Қазақтың қанында жылқыға деген жылылық бар. Бір-біріне «Ат...