Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құтырма ауруынан қауіп көп

Құтырма ауруынан қауіп көп

Құтырма ауруынан сақтанайық!» – "Алатау Арайы" газеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша құтырма әлемнің 111 елдерінде тіркелген. Әлемде жыл сайын құтырмадан 50 мың адам қайтыс болып, 1 млн. астам жануарлар өледі.
Құтырма – орталық жүйке жүйесін зақымдаумен сипатталатын зоонозды топқа жататын қауіпті жұқпалы ауру.Жабайы жануарлар – қасқырлар, қарсақтар, түлкілер табиғатта құтырма қоздырғышын тасымалдаушылар болып табылады. Құтырмамен үй жануарларынан иттер, мысықтар, ауылшаруашылық жануарлары ауырады. Жұқпа құтырмамен ауыратын жануарлар арқылы беріледі. Вирус адам ағзасына зақымдалған тері, шырышты қабықтары арқылы сілекеймен бірге түсіп, жүйке жүйесін зақымдай отырып, қозғыштық, судан қорқу, сал болуына әкеледі. Жануарлардың түріне, тістеген орнына және жарақат ауырлығына байланысты жасырын кезеңі (қоздырғыштың ағзаға енген сәтінен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 12 күннен 1 жылға дейін созылады.
Құтырманың алдын алуға болады, бірақ онымен ауырған адамды қазіргі кезде емдеудің еш мүмкіндігі болмай отыр. Бұл үшін тез арада медициналық көмекке жүгініп, құтырмаға қарсы антирабиялық екпелерін алуы қажет.  Мұны сырттай дені сау жануар тістеген жағдайда да жасау керек, себебі аурудың алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанға дейін 10 күн ішінде қоздырғыш (вирус) сілекеймен бірге бөлінеді.
Ветеринариялық қызметкер адамды тістеген жануарға 10 күн ішінде бақылау жүргізеді. Егер көрсетілген мерзімнен кейін жануар сау болса, онда жұқтыру орын алмағанына сенімді болып, зардап шеккен адамға екпе тоқтатылады. Ағзада құтырмаға қарсы иммунитет уақытында қалыптасу үшін екпелерді тістегеннен кейін бірден бастау және үзілуіне жол бермеу қажет. Екпелер жүргізген кезде қуатты және дәрумендерге бай тағамдарды пайдалану, ағзаның шаршауын, суықтауын, қызуынболдырмау,  спирттік ішімдіктерді қолданбау ұсынылады.  Мұның бәрі ағзаның қоздырғышпен күресуде қорғаныс күштерін нығайту үшін қажет. Егер екпелер дер кезінде және дұрыс жүргізілген болса, ауру пайда болмайды.
         Жануарларда құтырма ауруын ескерту үшін, жануарлар қожайындары оларды ұстаудың ережесін қатаң сақтауы тиіс. Итті көшеде қысқа тізгінмен, міндетті түрде тұмылдырық кигізіп, бұралқы иттермен байланысуына жол бермеу керек. Жануарлардың мінез-құлқы өзгерген жағдайда, олардан аулақ болуға тырысып, уақыт оздырмай малдәрігерлік қызметкерді шақырту қажет. Иттер және мысықтарды сатып алғаннан кейін  құтыруға қарсы ектірген жөн.
         Құтырманың қауіпті дерт екенін естен шығармау қажет, сондықтан салғырттық танытуға болмайтынын есіңізде ұстаңыз. Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда !
Гүлзада Айтекеева
Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
20 наурыз 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031