Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдауды қолдау – нақты іспен, жауапкершілікпен!

Жолдауды қолдау – нақты іспен, жауапкершілікпен!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын, әрбір азаматқа үлкен жауапкершілік жүктейтін маңызды құжат.
Президент Жолдауында көтерілген стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның, соның ішінде білім беру саласы қызметкерлерінің де ортақ міндеті.
Бүгінгі жаһандану мен технологиялық даму дәуірінде білім саласына қойылатын талап ерекше. Біз заман талабына сай ойлайтын, цифрлық технологияларды меңгерген, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалана алатын, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз.
Мен мектеп директоры ретінде мынаған ерекше назар аударғым келеді:
Біріншіден, білім сапасы – біздің басты басымдығымыз болуы тиіс. Әрбір мұғалім өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіруі қажет.
Екіншіден, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне батыл енгізіп, оларды оқушының дамуына бағыттауымыз керек.
Үшіншіден, біз тек білім беріп қана қоймай, бойында ұлттық құндылықтары берік, отаншыл, адал, әділетті, еңбекқор азамат қалыптастыруға міндеттіміз.
Төртіншіден, мектептегі әрбір бастама нақты нәтижеге бағытталуы керек. Құр сөзден нақты іске, жоспардан нәтижеге көшу – бүгінгі уақыт талабы.
Құрметті әріптестер!
Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыруда әрқайсымыздың еңбегіміз маңызды. Елдің ертеңі – бүгінгі оқушы, ал сол оқушының болашағы ұстаздың қолында.
Сондықтан баршаңызды Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенді атсалысуға, бірлік пен жауапкершілікті ту етіп, сапалы білім мен саналы тәрбие жолында аянбай еңбек етуге шақырамын! Біздің мақсатымыз – білімді ұрпақ, сапалы білім, саналы тәрбие және қуатты Қазақстан! Жолдауды қолдау – сөзбен емес, нақты іспен дәлелденуі тиіс!

Құрметпен,
Ахбенбетов Дәурен Ділдабекұлы
№158 орта мектебінің директоры
20 қараша 2026 ж. 14 0