Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ БАҒДАР

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ БАҒДАР

2026 жылғы 28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім мен ғылымды жетілдіру, цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру және заң мен тәртіп қағидатын нығайту мәселелері кеңінен қамтылды. Мектеп директоры ретінде мен үшін Жолдаудағы маңызды бағыттардың бірі – білімді, саналы, отаншыл әрі бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Білім беру ұйымдарының басты міндеті – сапалы білім мен саналы тәрбиені ұштастырып, әр баланың қабілетін дамытуға қолайлы жағдай жасау. Мемлекет басшысы айқындаған міндеттер әрқайсымыздан жауапкершілікті, кәсіби ізденісті және нәтижелі еңбекті талап етеді. Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Ал сол ұрпақты тәрбиелеу – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
05 қараша 2026 ж. 16 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30