Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашағы айқын Жолдау

Болашағы айқын Жолдау



Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші кәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы елімізде стратегиялық зор маңызға ие болып отыр.
Айтуымыз керек, Елбасының әр жылдарда жолдаған Жолдаулары бір ғана мақсатқа еліміздің кемел, жарқын болашағына, дамуына арналған мақсат-міндеттерден тұрады. Елбасы бұл Жолдауында Қазақстанның жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін шешуге тиісті 10 міндетті атап көрсетті. Осы міндеттердің 7 бағыты «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталса, ол білім саласына арналды. Онда мұғалімдердің біліктілігін арттыру, математика және жаратылыстану ғылымдарын тереңдете оқыту, білім сапасын күшейту міндеттеген. Бұл бағытта мұғалімдерге нәтижелі жұмыс жасауға жоғары талап қойылған. Жас жеткіншектердің ғылыми-зерттеу және өндірістік-технологиялық ортаға бейімделуіне мол мүмкіндік берілген.
Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуде Елбасы атап көрсеткен заманауи электронды-цифрлы жүйе, заманға сай терминология, функционалдық сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту т.б. маңызы зор мақсаттар мен міндеттер үлкен рөл атқарады.
Мемлекет басшысы әр кезде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау саясатын жалғастырып келеді. Еліміздегі ұстаздар қауымын нақты қолдау – бұл еліміздің алдағы ондаған жылдағы саналы және білімді деген ұрпағына қамқорлықтың көрсеткіші. Жолдауда белгіленген әлеуметтік сала бойынша мақсат пен міндеттер – Президентіміздің өз халқына деген шынайы қамқорлығының көрінісі.
Білім саласында отаншылдық, бәсекеге қабілетті білім, тәжірибе қай қиындықтан болсын алып шығады. Жолдаудағы мемлекет тілі бастаған үш тілді терең меңгеру жайы, орта мектептің білім мазмұны, кәсіптік білімнің әлеуеті, цифрлы білік, оқу жүйесін сапаландыруға жеке капитал тарту, т.б. елеулі тұжырымдар саланың жаңа жағдайдағы дамуына кең жол ашатын болады.

Алтай АЙЫП.
11 сәуір 2018 ж. 1 780 0