Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ


Елбасы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген Жолдауында әлемдік бәсекелестікте дамыған отыз елдің қатарына кірудің айқын жолдарын көрсетіп берді.
Жарқын болашаққа бастайтын батыл қадам­дарды арқау еткен бұл Жолдаудың да маңызы ерекше. Президент қарқынды экономикалық даму жолына бет алған еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын жүзеге асырып, 100 нақты қадам – Ұлт жоспары бойынша реформаларды сәтті жүргізіп, индустрияландыру саласын өркендету жолында да жүйелі жұмыстар атқарғанын атап айтты. Өткен жылы Үшінші жаңғыру аясында Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар атқарылып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды. Ал, биылғы Жолдау Төртінші индустриалды революция жағдайындағы елдің дамуына арналады. Елбасы алдағы уақытта атқарылатын 10 негізгі тапсырмаға тоқталды.
Заман талабына сәйкес кәсіптік техникалық білім беруді жетілдіру арқылы жастарға өнеркәсіп саласына қажетті мамандықты игеруге мүмкіндік беру үкіметтің басты міндеті деп көрсетілген. Бұның өзі жастарға болашақта өз жолдарын табуға мүмкіндік беретін игі бастама.
Президент Жолдауындағы өте қажет­ті ма­ңызды міндеттердің бірі барлық қазақстан­дық­тарға оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім алуға мүмкіндік беретін іс-шаралардың негізі үздік оқытушылардың видеосабақтары мен видеолекцияларын интернетке орналастыру арқылы іске асыру болып табылды.

БІРЖАН БАҚТЫБАЙҰЛЫ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-сі директорының міндетін атқарушы.
16 қаңтар 2018 ж. 2 321 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930