Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰТТЫҚТАУ!

ҚҰТТЫҚТАУ!

Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды еліміздегі мерейлі мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1991 жылдың 1 желтоқсаны – еліміз үшін мәңгі есте қалатын ерекше күн. Әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи жасампаз жаңа дәуірге кемеңгер Көшбасшымен бірге қадам басты. Осы жылдар ішінде жас мемлекетімізді жарқын болашаққа бастаған Мемлекет басшысының саяси көрегендігі мен жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты, экономикасы қуатты, халықаралық аренада беделі жоғары елге айналдық. Мұның барлығы да бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасының еселі еңбегінің, елеулі жетістіктерінің, көрегендігінің жемісі.
Елбасының ұлттық рухани құндылықтарды сақтай отырып, еліміздің заман ағымына сай қарқынды дамуына негізделген дәстүрлі Жолдаулары мен стратегиялық жоспарлары, түрлі салаларға қатысты бағдарламалар ел игілігі жолында жүйелі іске асырылып келеді.
Еліміздің бағындырар асуы – дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Осынау биік белеске қол жеткізу мақсатында Елбасы ұзақ мерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын айқындап берді.
Егемен еліміздің дамуына Шиелі ауданы да өз үлесін қосып келеді. Ауданда көптеген толымды тірліктер атқарылып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсарып келеді. Өнеркәсіп өндірісі тұрақты өсуде, жаңа технологиялар енгізілуде, халыққа қажетті әлеуметтік нысандар салынуда. Әрине, осындай игі істердің барлығы Елбасының сарабдал саясатының және ел бірлігі мен ағайын татулығының негізінде жүзеге асырылуда.

Қымбатты жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Еліміздің болашағы – баянды, келешегі – кемел, бірлігіміз – берекелі, татулығымыз – берік болсын!

Құрметпен,
аудан әкімі
Ә.Оразбекұлы.
30 қараша 2017 ж. 1 723 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930