Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: «ДАЛА ДӘМІ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: «ДАЛА ДӘМІ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Бүгін «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық алаң маңында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және тұрғындарды сапалы, табиғи өнімдермен қамтамасыз ету. Ауқымды шараға 50 жүк көлігімен 140 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілген. Сауда сөрелерінде күріш, ет және балық өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер, бақша өнімдері, бал, ұлттық тағамдар, сүт және кондитерлік өнімдер ұсынылды. Жәрмеңке – жергілікті өндірушілерді қолдап, тұрғындарға қолжетімді бағада сапалы өнім ұсынудың тиімді алаңы.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
31 қазан 2026 ж. 49 0