ШИЕЛІДЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ
Шиелі кентіндегі “Иманжүсіп Құтпанұлы” атындағы орталық алаңда және орталық сапаржайда Құрылтай сайлауына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.Жәрмеңкенің мақсаты – азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлау.
Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылып, тұрғындарға тиімді бағада саудалануда.
Аудан тұрғындарын жәрмеңкеге келіп, сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға шақырамыз!
@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі








