Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШИЕЛІДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


Бүгін «Алтын күз – 2018» мерекесі аясында аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырды. Жиырма екі ауылдық округтің шаруалары өздері шығарған өнімдерді аудан халқына тиімді бағада ұсынды.
Аудан әкімі Әшім Оразбекұлы барша еңбек адамдарын «Алтын күз – 2018» мерекесімен құттықтады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында: «Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту», - деп атап көрсетті. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Еңбектенген адамға ен дала ерекше өнім береді. Тек уақытылы күтіп баптау қажет. Бүгінде ала жаздай тер төккен шаруалар бейнетінің зейнетін көріп отыр. Шиелі ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған ауданның бірі.
Жәрмеңкеде жергілікті ауыл шаруашылығы тауарлары өзге сауда орындарынан 20 пайызға арзандатылған бағамен саудаға қойылды.

Шиелі Ауданы Әкімдігі ФБ парақшасынан.
13 қазан 2018 ж. 2 317 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

№75 (9342)

04 қазан 2025 ж.

№74 (9341)

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031