Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Білікті маман, үздік нәтиже

Білікті маман, үздік нәтиже


Елбасы Н.Назарбаев "Басты басымдық – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру" тақырыбындағы Қазақстан халқына ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті өнімдерді мол өндіріп, оны экспортқа шығарып, еліміздің бюджетін тұрақты түрде толықтырып, оны жетекші салаға айналдыру міндетін қойды. Ол үшін ауылшаруашылығына білікті мамандарды тартып, жаңа технологиялар бойынша жаппай оқытуды тапсырды. Осылайша, экономиканың өзге салалары сияқты агроөнеркәсіп саласы да бәсекелестікке қабілетті бола алады. Бұл бір жағынан ауылдағы көңіл күйді жақсартады, ауылдықтар жұмыспен қамтыла бастайды, екінші жағынан, ауылдың кейпін көркемдеуге мүмкіндік туады.
Жолдауда "2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керек. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау керек" деп атап өтті. Өткен жылы 800 гектар жерге еккен күріштен 70 центнерден өнім алған болатынбыз. Биыл қожалықта 2500 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырдық. Оның ішінде 1420 гектары күріш, қалғаны күздік бидай, мақсары, жоңышқа және көкөніс пен бақша дақылдары. Бүгінде Сыр салысын бастырудамыз. Алла сәтін салса, жоспарымыз орындалып қалар. Міне, осы жұмыстың нәтижелі көрінісі мемлекеттік қамқорлықтың аясында. Осынау жұмыстар барысында жылда жер телімдерінің құнары артып, аудан көлеміндегі нәтиже де өз жемісін беруде. Сонымен қатар, Президент "...Ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша жаппай оқыту керек. Осы мақсатта және ғылымға жыл сайын 100 млрд. теңгеден кем емес қаржы қарастыруды Үкіметке тапсырамын" – деді. Бұл тапсырмалар арқылы Елбасы аталмыш салаға үлкен бетбұрыс жасау қажеттігін нықтады. Бұл істер жүзеге асса бізде де жақсы істер жалғасымын тауып, ел экономикасына үлес қосудан шет қалмасымыз анық. Осылайша, Президент өзінің көрегендігі мен саяси тәжірибесінің арқасында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамсыз етудің жолдарын анық көрсетіп отыр.
Дәулет ЖҰМБЕКОВ.
Аудандық мәслихат депутаты,
 "Ақмая" ШҚ төрағасы.
05 қазан 2018 ж. 1 072 0