Қызылордада «ҮЕҰ-ның коммуналдық ресурстармен қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
2026 жылғы 29 қазанда Қызылорда қаласы әкімдігінің ғимаратында «ҮЕҰ-ның коммуналдық ресурстармен қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шара облыстық қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы және «Асыл Мұра – Орда» қоғамдық қорымен ұйымдастырылды.
Кездесуге Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының өкілдері, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелердің мамандары, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында тұрғындарды толғандырып жүрген өзекті мәселелер, атап айтқанда коммуналдық қызметтердің сапасы, төлем жүйесінің ашықтығы, «Алсеко» бірыңғай есеп айырысу-ақпараттық жүйесін енгізу, есептеулердегі ықтимал қателіктер, қолма-қол төлем жасау мүмкіндігі, тұрғындардың өтініштеріне жедел жауап беру және әлеуметтік осал топтардың мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Жиынға КРЭК, «Қызылорда тазалығы» ШЖҚ, ҚТЭЦ және «Су жүйесі» мекемелерінің өкілдері қатысып, өз салалары бойынша ақпарат берді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, коммуналдық қызмет көрсету барысында атқарылып жатқан жұмыстар мен тұрғындар өтініштерін қарау тәртібі жөнінде түсіндірмелер ұсынды.
Сонымен қатар, ҮЕҰ Альянсы тарапынан тұрғындармен кері байланысты күшейту, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, өтініштер мен шағымдарды қарау сапасын бақылау және қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ұсыныстар айтылды.
Кездесу барысында азаматтық қоғам мен коммуналдық мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайту, тұрғындардың мәселелерін бірлесіп шешу және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында пікір алмасылды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – тұрғындардың коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелерін ашық талқылау, ҮЕҰ мен жауапты мекемелер арасындағы сындарлы диалогты дамыту және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстарды ортаға салу.
"Асыл мұра - Орда" қоғамдық қорының баспасөз қызметі