ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ: ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ, УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Қызылорда қаласының тұрғындары арасында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына біртіндеп көшіруге байланысты түсіндіру, насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында 2018 жылғы 17 мамырда облыстық медицина орталығының мәжіліс залында медицина қызметкерлері арасында «Қазақ әліпбиі: тарих тағылымы, уақыт талабы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп отырған бұл дөңгелек үстел «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында өткізіліп отыр.
Дөңгелек үстел барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филиология ғылымдарының кандидаты Боранбай Болат Елтайұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Байділдаева Баян Социалқызы қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығын, осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғап, медицина қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара соңында тыңдаушылар тарапынан латын әліпбиіне қатысты ғалымдарға сұрақтар қойып, оларға жауаптар берілді.
ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ФБ ПАРАҚШАСЫНАН