ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК
Облыс орталығындағы №144 мектепте қаладағы білім ошақтарының мұғалімдері мен оқушыларының қатысуымен семинар өткізілді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында өткізілген шарада №№ 39, 128, 144, 175, 178, 179, 280 мектептердің ұйымдастыруымен арнайы көрме әзірленді. «XXI ғасыр көшбасшысы – туған жер тарихының білгірі» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Сайыс барысында Қызылорда қаласының 200 жылдығына байланысты сұрақтар қойылып, оқушылар ел астанасы атанған шаһар жайлы тарихи деректерді сөйлетті. Білгірлер бәйгесінде №128 негізгі мектептің 8-сынып оқушысы Гүлжан Садықова жеңімпаз атанды.
Семинар барысында «Туған жерге туыңды тік» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылып, оған Сырдың белгілі азаматтары шақырылды. «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі», «Құрмет» орденінің иегері, ақын-сазгер Ділдахан Торғаева, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің академиялық доценті, өнертану ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Ысқақова, ғалым, биология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Ерназаров оқушыларға туған өңірдің қасиеті туралы айтты.
Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша атсалысу – шынайы патриотизмнің белгісі. Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды. «Дөңгелек үстел» қонақтары балалық шаққа саяхат жасап, туған ауылдарын, өздері білім алған мектептерін әрқашан мақтанышпен айтатындарын жеткізді.
Бақыткүл ДӘУЛЕТИЯРОВА,
№128 негізгі мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.