Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

2017 жылғы 12 сәуірде Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ әліпбиін латын қарпіне ауыстыру бойынша тапсырма берді. Латын әліпбиіне көшу – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Себебі латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. 
2018 жылғы 3 сәуірде Сырдария ауданының Тереңөзек кенті мәдениет үйінің көрермендер залында, С.Сейфуллин ауылдық округінің ауылдық клубында, 4 сәуірде Жалағаш ауданының Жалағаш кенті мәдениет үйінің көрермендер залында, Бұқарбай батыр ауылдық округінің ауылдық клубында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бір жылдығына орай Сырдария, Жалағаш аудандары тұрғындарының арасында қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына біртіндеп көшіруге байланысты түсіндіру, насихаттау жұмыстарын жүргізу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың негізі» атты облыстық семинар өткізілді. Облыстық семинар Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының және «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі қағидаларын түсіндіру» әлеуметтік жобасы аясында аудандарда өткізілуде. Облыстық семинарға Сырдария, Жалағаш аудандарының тұрғындары, тіл жанашырлары, білім саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары, жергілікті ардагерлер кеңесі қатысты. 
Облыстық семинар барысында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, филиология ғылымдарының кандидаты Боранбай Болат Елтайұлы, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Ерекешова Жаныгүл Мұхитқызы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы жайлы сөз қозғап, аудан, елді мекен тұрғындары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 
Іс-шара соңында аудан, елді мекен тұрғындары латын әліпбиіне қатысты ғалымдар мен тіл мамандарына сұрақтар қойып, оларға тұшымды жауаптар алды.
09 сәуір 2018 ж. 2 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031