Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жол

Ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жол

Латын әліпбиін дүниежүзі халықтарының жетпіс пайызы қолданады екен. Бұрынғы ТМД елдері тарқап, елдер егемендігін алған тұста-ақ көрші елдер латын әріпіне көшіп үлгерді. Елбасымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, оның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.
Осыдан бастап ел арасында түрлі ой қалыптасып, пікірлер туындады. Кейбіреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырды. Латын әліпбиіне көшсек бүгінгі қолданыстағы әдебиеттер не болады, латын әліпбиіне аударылады ма екен? Сауатсызданып қалмаймыз ба? дегендерді де құлағымыз шалды. Бірақ бүгінгі жастар латын әліпбиіне көшпесе де әлеуметтік желілерде латын әліпбиімен хат алмасып жүр. Латын әліпбиін мектеп қабырғасында қалыптастырғандықтан, латын қарпіне көшу олар үшін еш қиындық тудырмасы анық.
Еліміздегі сарапшылардың пікірінше, латынға көшсек көптеген жетістіктерге қол жеткізеді екенбіз. Қысқаша тоқталсақ, бірінші кезекте тіл тазалығы мәселесі. Қолданып жүрген тіліміздегі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді дейді. Сонымен қатар, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектеп пен басқа да оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді деген ойдамыз. Сондай-ақ, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар қалыптастырады.
Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп ерекше тоқталып, бұл өзекті мәселені жеделдетіп іске асыру жайын атап өткен болатын. Бүгінгі таңда латын әліпбиінің жаңа нұсқасы әзірленді. Ол нұсқамен танысқан Елбасы: «Көпшіліктің пікірімен санасып, қорытынды жасағандарыңыз дұрыс болды. Латын графикасына әбден қалыптасқан екі диаграф қана бар. Қалған қазақтың төл дыбыстарының бәрі апостолмен береміз. Соған тоқтаймыз. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Осы ұстаным бізді алға жетелейді», – деді.
Иә, латын әліпбиінің де болашағы зор болатынына еш күмәніміз жоқ. Экономикасы дамып, күннен-күнге жасарып, жаңарып, гүлденіп келе жатқан егеменді елімізге кең мүмкіндіктерге жол ашамыз деген сенімдеміз.

Ерұлан ДАТКЕН.
21 қараша 2017 ж. 1 456 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031