Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

​Латын әліпбиіне көшу – заман талабы




Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Латын әліпбиіне көшу, сайып келгенде мемлекеттік тіліміздің болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан әрі кеңейте түсуге, мәртебесін көтеруге мүмкіндік жасау деп түсіну керек. Әліпбиді ауыстыру ең алдымен тілдік қажеттілік. Бұл еліміздің болашағы үшін жасалған тың қадам.
Әлемдік деңгейде қазақ жастарының биік белесте болуы үшін және әлем жастарымен тіл табыса алатын деңгейде болуы үшін де латын графикасына ауысымыз өте маңызды болып табылады. Бұл жерде негізгі мақсат – кез келген ақпаратты, ғаламдық өзгерісті балалар түпнұсқадан алып, оқи алатын болады.
Бекітілген жаңа нұсқаны қолдайтындар көп. Қазақ қарпінің кең қолданыстағы латыншаға өтуі технология тіліне жақын болып, цифрлық ғылымды меңгеруге мұрындық болады. Бұл жаңа дәуірге қадам басқанмен тең. Біздің өңірлердегі тілшілерімізге берген сұхбатында IT-сарапшылар мен тіл мамандары осындай пікір білдірді.
Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни болашағы зор. Сондықтан, Елбасының шешімін қолдап, оны ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.
Татьяна НУШТАЕВА.
«Ұлт бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
20 ақпан 2018 ж. 1 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031