Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Латын графикасы – заман талабы

Латын графикасы – заман талабы


Біздің мұрағаттарда шаң басып жатқан көптеген мұрамыздың дені латын әліпбиінде жазылған. Латын әліпбиіне өту арқылы баға жетпес інжу-маржан, бай мұраларымызды кеңінен зерттеуге мүмкіндік аларымыз анық. Мәселен, Алаш арыстарының латын әліпбиімен жазылып, жарияланған қаншама еңбегі көпшіліктің кәдесіне асырылмай, іздеушісін күтіп жатқаны жасырын емес.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры десек, бүгінгі компьютер заманында әлемдік ғаламтор жүйесіндегі ақпарат кімнің қолында болса, сол өз билігін емін-еркін жүргізе алады. Ал ақпараттың бас­ты құралы – жазу. Яғни, ғаламтор жүйесінде үстемдік жасаушы – ол латын графикасы. Осыны ескерген Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жарияланған «Қазақстан – 2050» Стратегиясында: «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керек» деп мәлімдеген болатын. Бұл сөзін биылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында нықтай түсіп, нақты мақсаттар қойды. Дәл қазір елімізде латын қарпінің бірнеше нұсқасы сараланып, сарапталу үстінде. Бұйырса келер жылдан бастап қолданысқа енгізілетін болады.
Енді білім, ғылым, өндіріс саласына еніп жатқан жаңа технологияларға латын әліп­биі арқылы қол жеткіземіз. Сондықтан, латын әліпбиіне көшумен халықаралық ақ­па­рат­тық кеңістікке шығу жеңілдейді, яғни, ғаламтор жүйесін халқымызға ана тілінде меңгеруге жол ашылады. Қазір бәріміздің көзіміз ашық, көкірегіміз ояу, бірнеше тілді бес-алты айдың ішінде қорықпай, еркін үйреніп алып жатқанда, ана тіліндегі дыбыстарды басқаша таңбалауды ғана меңгеріп алу бүгінгі жас ұрпаққа көп қиындық келтірмейді. Әрі бүгінде ұялы байланыстағы хабарламалардың көбі осы графикамен жазылуда.
Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында әлеуметтік жүйеде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігі даусыз. Баршамыздың қолданып отырған электрондық жеке поштамыз бар. Ол кирилл, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Керек десеңіз, астымыздағы көлігіміздің нөмірі, жеке куәлігіміздегі әріптер де латын әліпбиінде бейнеленген. Осындай мысалдар жетерлік. Демек, латын әліпбиі бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиінің жазу үлгісі қазақ қоғамында 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылғандығы мәлім. Егер біз істің түбегейлі жағына үңілсек, Елбасымыздың көтеріп отырған мәселесі – тіл тазалығы. Сондықтан, Елбасының тіл мәселесіне қатысты ой толғамына ынта-жігерімізбен қолдау білдіру бүгінгі таңда кезек күттір­мейтін мәселе. Бір сөзбен айтқанда, латын графикасына көшу – заман талабына айналып отыр.
Нұрбол Дәурен,
№46 А.С.Пушкин атындағы
мектеп мұғалімі.
25 желтоқсан 2017 ж. 1 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031