Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда құс тұмауының кесірінен 500 мың құс жойылды

Германияда құс тұмауының кесірінен 500 мың құс жойылды

АСТАНА. KAZINFORM — Фридрих-Лёффлер институты қыркүйектің басынан бері Германиядағы фермаларда құс тұмауының 30-дан астам ошағын тіркеді, деп хабарлайды DW. Билік өкілдерінің мәліметінше, Германияда құс тұмауының таралуына қарсы күрес бойынша қазірдің өзінде 500 мыңнан астам құс жойылған. Қыркүйек айының басынан бері құс фабрикаларында аурудың 31 ошағы тіркелді. Қабылданған шараларға қарамастан, вирус өте жылдам таралып барады.

— Жағдайдың тез өзгеріп жатқаны сонша, сандар тек сурет секілді ауысып жатыр. Бұл абсолютті көрсеткішті емес, масштабты (індет — ред.) көрсетеді, — деп келтіреді AFP институт өкілінің сөзін.

Жануарлар эпидемиясын бақылауға жауапты институттың мәліметінше, құс тұмауының басым бөлігі Төменгі Саксония федералды штатында (сегіз), сондай-ақ Бранденбург пен Мекленбург-Алдыңғы Померанияда (әрқайсысында алтыдан) анықталған. Сонымен қатар, вирустың ошағы Тюрингия, Шлезвиг-Гольштейн, Солтүстік Рейн-Вестфалия, Баден-Вюртемберг және Баварияда табылды. Баспасөз хатшысы құс тұмауынан қанша жабайы құстың зардап шеккенін болжау мүмкін емес екенін атап өтті. Бір ғана Бранденбургте аурудан 1500-ден астам тырна өлуі мүмкін. Осыған дейін Германияда құс тұмауының өршуі салдарынан тағы 130 мың құс жойылатыны туралы жаздық.



28 қазан 2025 ж. 28 0