Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ жұмыртқа дағдарысын бастан өткеріп жатыр

АҚШ жұмыртқа дағдарысын бастан өткеріп жатыр

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-та құс тұмауының өршуінен туындаған тауық жұмыртқасының қымбаттауы бөлшек саудагерлерді шұғыл шаралар қабылдауға, ал тұтынушыларды қаржылық мүмкіндіктерін қайта қарауға мәжбүр етіп жатыр, деп жазады ВВС. Соңғы екі жылда АҚШ-та жұмыртқа бағасы орташа есеппен 65%-ға өсті, оның 40%-ы 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың желтоқсаны аралығында өсті. Құс тұмауы америкалық фермерлерді 2022 жылдың қаңтарынан бастап мазалап келеді. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, індет басталғаннан бері елде 145 миллионға жуық тауық пен басқа құс түрлері жойылған. Олардың көбі құс тұмауы болмаса да профилактикалық мақсатта жойылды. 2024 жылдың соңында тұмау індеті күшейіп, екі айдың ішінде – қараша-желтоқсанда – шамамен 17 миллион құсты жою қажет болды. Нәтижесінде А санатындағы жұмыртқа бағасы бір айда 3,65 доллардан 4,15 долларға көтерілді. Айта кетейік, Илон Маск үкіметтің БАҚ-қа жұмсайтын шығынын қысқартпақшы.



08 ақпан 2025 ж. 190 0