Жұмыртқа бағасы 1000 теңгеге жетіп қалады: Құс фабрикаларының иелері жұмыртқа бағасының не үшін өсіп жатқанын түсіндірді
Шаруа қожалықтары иелері тауық жұмыртқасының бағасы өсуі мүмкін екенін айтады. Оның себебі жем бағасының шектен тыс өсуі. Соңғы бір жылда жұмыртқаның бағасы бірден 30%-ға өскен. Құс фабрикаларында тауарды бір талы 17, 20 теңгеге сатып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме беріп.Кәсіпкер Күнсұлу Бейісова тауық жұмыртқасын арзан бағамен сатады. Жазда көтерме сауда 36 теңгеге дейін төмендеді дейді. Әйел үлкен пайда үшін жұмыс істемейді, сондықтан оны ең төменгі бағада сата береді.
“Менің жеткізушілерімнің көтерме бағасы жұмыртқа үшін 36 теңге. Құс фабрикаларынан алсаң мүмкін, одан да төмен болатын шығар. Мен үстіне тек 2 теңге қосамын. Сатып алушылар бір жерде 50-55 теңгеге көргендерін айтады, бірақ неге екенін білмеймін жазда баға төмен болады. Мысалы, қыста 36 теңге емес, 42 теңге болған”, – дейді Күнсұлу Бейісова.Бір жыл ішінде жұмыртқа бағасы бірден 30%-ға өсті. Соңғы айда ғана төмендегені рас.
Қазір тауар құс фабрикаларынан орташа есеппен 17 теңгеден 20 теңгеге дейін сатылады. Тиісінше, он жұмыртқа 400 теңге тұрады.
Төмен баға төмен сұранысқа байланысты. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығында сатып алушылардың қызығушылығы артқан бойда, құны бірден жоғары көтеріледі екен.
Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко жыл сайын осындай жағдай болып тұратынын айтады. Жұмыртқа өнімдері маусымға байланысты сұранысқа ие болады. Көбіне сұраныс жазда: мамыр, маусым, шілдеде түседі. Күзде құс фабрикаларының бағасы бір жұмыртқаға 30 теңгеден асады. Ол жұмыртқа өндірісінің құнынан жоғары болады. Демек, құс фабрикаларының сату бағасы бір жұмыртқа үшін 35-тен 40 теңгеге дейінгі аралықта, тиісінше дүкенде 500-ден 600-ге дейін жетеді деп болжануда. Сұраныс төмендеген сәтте, маусым айының басында құс фабрикасының бағасы бір жұмыртқа үшін 17 теңгеге дейін төмендейді.
Супермаркеттерде жұмыртқа бағасы 465 теңдеген 525 теңгеге дейін жетеді. Осы жылы өндірушілер 2 миллиард теңгеден аз жұмыртқа өндірген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 13%-ға аз. Мұндай шығындардың себебін мамандар Қазақстандағы 2020 жылғы құс тұмауымен байланыстырып отыр.
Шаруа қожалығының басшысы Юлия Барсукова биыл тауықтарды союға тура келгенін айтады. Оған себеп жемнің қымбаттауы. Сатып алуға ақша жетпеді. Кәсіпкер әріптестері үлкен шығынды өтеуге тырысатынына сенімді.
“Жем-шөп былтырдың арғы жылы – 100 теңге болса, өткен жылы – 200 теңге, биыл – 360 теңге. Тауық барлық уақытта 4-5 килограмм жейді. Менің ойымша, бағалар қатты әсер етеді, 70%-ға көтеріледі, өйткені жем 100%-ға өскен. Үй жұмыртқасы 1000 теңгеге дейін жетеді, фабрикалық жұмыртқа – 700 теңгеге жетуі мүмкін.
Құс фабрикасы иелері үкіметтен жемнің бағасына әсер етуді сұрап жатыр. Егер жағдай өзгермесе, шаруа қожалықтары бірінен соң бірі жабылады, бұл өз кезегінде жұмыртқаға дефицит тудырады.
https://stan.kz