Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда ет, көкөніс, жұмыртқа бағасы қымбаттады

Қазақстанда көкөніс, ет, балық, жұмыртқа және өзге де азық-түлік бағасы қымбаттады. Сарапшылар биылғы жылы арзан көкөністер маусымы әлдеқайда ерте аяқталғанын айтып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сарапшылардың есебінше, қыркүйекте қырыққабат пен қиярдың бағасы тамыз айымен салыстырғанда шамамен 15 пайызға өскен. Ал сарымсақ 7,3 пайызға, үрмебұршақ 1,7 пайызға қымбаттапты.

Бұл орайда пияз (бір айда 25,2 пайызға), сәбіз (22,8 пайызға), қызылша (9 пайызға), картоп (8,2 пайызға) тәрізді маусымдық көкөністер бағасы арзандаған. Ал қызанақ бағасы небәрі 1,4 пайызға төмендеген. Ендігі олардың да бағасы өсуі мүмкін.

Жемістер арасында апельсин бағасы бірден 4,3 пайызға айтарлықтай қымбаттапты. Ал банан, керісінше, 2,8 пайызға арзандаған.

Қыркүйекте жануарлардан алынатын өнімдер арасында жұмыртқа бірден қымбаттады. Оның бағасы 6,1 пайызға өскен. Сонымен қатар мұздатылған балық 2,3 пайызға, сиыр еті 2,1 пайызға, жылқы еті 2 пайызға өскен.

Дәнді дақылдар арасында бидай 3,1 пайызға және күріш 2,2 пайызға қымбаттаған.

Ал сусындар мен бакалея тауарларының арасында бағаның жоғарылауы байқалмады. Мысалы, қант бір айда 4,6 пайызға арзандапты.
30 қыркүйек 2019 ж. 649 0

Соңғы жаңалықтар

Солақайды сынама!

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

Қоғам

Солақайды сынама!

13 маусым 2021 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (8900)

12 маусым 2021 ж.

№45 (8899)

08 маусым 2021 ж.

№44 (8898)

05 маусым 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам