Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МӘСЕЛЕ - ШЕШІМ

МӘСЕЛЕ - ШЕШІМ



Шиелі кентінің көркін абаттандыру, ақпараттық және әлеуметтік мазмұндағы көрнекі материалдарды орналастыру мүмкіндігін арттыру мақсатында кент аумағына қосымша билбордтарға арналған тіреу конструкцияларын орнату бойынша ұсыныс айтылған болатын.

Аталған ұсынысқа сәйкес, Шиелі кенті аумағындағы «Самара – Шымкент» республикалық автожолы бойына қосымша 11 дана билбордқа арналған тіреу конструкциясы орнатылды. Жұмыстарды «Ақтоған» ЖШС мердігерлік ұйымы орындады. Жаңа тіреу конструкцияларының орнатылуы кент аумағында әлеуметтік, қоғамдық және ақпараттық мазмұндағы материалдарды тиімді орналастыруға мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстар елді мекеннің көрнекі келбетін жақсартуға, ақпараттық ортаны ретке келтіруге және тұрғындар мен жол бойындағы жолаушыларға қажетті ақпаратты жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

13 қазан 2026 ж. 72 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031