ЖОЛДАУ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ
Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің алдағы даму бағытын айқындап, қоғам алдында тұрған маңызды міндеттерді нақтылайтын стратегиялық құжат. Онда ел экономикасын нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру бағытындағы басым міндеттер белгіленген.Менің ойымша, Жолдаудың басты мақсаты – елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты өзгерістерге жол ашу. Экономикалық өсім халықтың тұрмысынан көрініс тауып, әлеуметтік бастамалар әрбір отбасының игілігіне қызмет етуі тиіс.
Жолдауда көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда өңірлердің әлеуетін тиімді пайдалану, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді шешу және халықпен тығыз байланыста жұмыс істеу ерекше маңызға ие. Себебі ел көлеміндегі үлкен жетістіктер әр өңірдегі жүйелі жұмыстар мен нақты нәтижелерден басталады.
Сондықтан Мемлекет басшысы айқындаған басым бағыттарды басшылыққа алып, белгіленген міндеттердің орындалуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бұл – мемлекеттік органдардың ғана емес, барша қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Елдің ертеңі бүгінгі атқарылған іспен өлшенеді. Бірлік пен жауапкершілік, еңбек пен өзара сенім бар жерде даму да, өркендеу де болады. Ендеше, Жолдауда белгіленген мақсаттарды нақты істермен ұштастырып, еліміздің жарқын болашағы жолында бірлесе еңбек етуіміз керек.
Шиелі ауданының әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Найля Әбілқасымқызы






