Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖАСТАР» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«ЖАСТАР» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Жастар» бастауыш партия ұйымының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау мақсатында бас қосты. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтар мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған міндеттер кеңінен сөз болды.

Атап айтқанда, жастар саясатын дамыту, сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлау, цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпкерлікті қолдау және жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жиынға қатысушылар Жолдауда көтерілген бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, ел болашағы саналатын жастардың білімді, бәсекеге қабілетті әрі жауапкершілігі жоғары болуы керектігін жеткізді.
Сонымен қатар, жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуы, ел дамуына үлес қосуы және мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуы жөнінде пікір алмасты.
Кездесу соңында ұйым мүшелері Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымының маңызы зор екенін атап өтті. «Ел болашағы – білімді де белсенді жастардың қолында» деген ұстанымды негізге алған ұйым мүшелері алдағы уақытта да қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене қатысып, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін білдірді.

26 қараша 2026 ж. 49 0