Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «УРАНЭНЕРГО» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«УРАНЭНЕРГО» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Уранэнерго» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған жиын өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі міндеттер мен басым бағыттарға тоқталды. Атап айтқанда, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, энергетика саласын жаңғырту, өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігін көтеру және халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында партия мүшелері Президент айқындаған міндеттердің маңыздылығына тоқталып, оларды жүзеге асыруда әрбір азаматтың, соның ішінде энергетика саласы қызметкерлерінің жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау бағытында жүйелі жұмыс жүргізу, еңбек ұжымында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру жөнінде пікір алмасты.


26 қараша 2026 ж. 64 0