«ШИЕЛІ - СҰҢҚАР» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

«Шиелі - Сұңқар» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық-танымдық жиын өтті.
Жиынның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен насихаттау, оның мазмұны мен маңызын түсіндіру, сондай-ақ алға қойылған міндеттерді партия мүшелері арасында талқылау.
Кездесу барысында «Шиелі Сұңқар» бастауыш партия ұйымының хатшысы Олжас Есқабылов Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталып, онда көтерілген өзекті мәселелер бойынша кеңінен ақпарат берді. Ол Президент Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, экономиканы жаңғырту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту және қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтті.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың, соның ішінде партия мүшелерінің де жауапкершілігі маңызды екені айтылды. Ел дамуы жолындағы бастамаларды қолдау, халықпен тығыз байланыс орнату, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау және өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу қажеттігі сөз болды.






