ЖОЛДАУДАҒЫ БАСТАМАЛАР ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА НАСИХАТТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен маңызды міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіру, негізгі бастамаларын насихаттау мақсатында «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымында диалог алаңы өтті.

Жиын барысында «Жуантөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы Үсенхан Ахметов Мемлекет басшысының Жолдауында қамтылған негізгі бағыттар мен басым міндеттер жөнінде ақпарат берді. Жолдауда көтерілген елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлердің әлеуетін дамыту мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен ортақ жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Диалог алаңы барысында қатысушылар ел дамуының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, Жолдаудағы бастамаларды іске асыру жолдарына қатысты ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылды.