Білімді ұрпақ – ел болашағының кепілі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымды дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және өскелең ұрпақтың болашағына жағдай жасау мәселелеріне ерекше мән берілді.Мемлекет басшысының білім беру және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жасанды интеллектіні дамыту, білікті мамандар даярлау жөніндегі бастамалары ұстаздар қауымының алдына да жаңа міндеттер қояды.
Сонымен қатар, білім беру саласындағы бастамалардың нәтижелі болуы үшін қала мен ауыл мектептеріндегі білім сапасының алшақтығын азайту, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту және әрбір балаға тең мүмкіндік жасау қажет деп есептеймін.
Ұстаз ретінде мен үшін ең маңыздысы – білімді, тәрбиелі, отансүйгіш, заман талабына бейім ұрпақ қалыптастыру. Себебі еліміздің ертеңі бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жатқан жас ұрпақтың қолында.
Шолпан Өміртай
Ұстаз






