Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

ЖОЛДАУ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы насихаттау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «AMANAT»партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты "Аудандық аурухана" бастауыш партия ұйымында жиналыс өткізілді.

Маңызды жиынға «AMANAT»партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы, «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрағасы Нұрлан Әмірұлы партия мүшелері қатысты. Жиналыс барысында "Жалпы әділетті мемлекет құрып, берекелі қоғам қалыптастыруға бағыттайтын жаңа Жолдау партияға айрықша жауапкершілік пен үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл тұрғыда жаңару үстіндегі «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының барлық бастамаларын толық қолдайды және ұсыныстарына ұйытқы бола отырып, оларды іске асыруға белсенді қатысатын болады"- деді Болат Сыздық. Сонымен қатар БПҰ төрағасы Нұрлан Әмір жолдаудың негізге басымдықтарға кеңінен тоқталып өтті.

15 қыркүйек 2022 ж. 1 020 0