Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ.

Бүгін «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты ірілендірілген «Атамекен» бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды.
Қабылдау бөлмесінің ашылу шарасына «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшесі Жаңабаева Гүлзира Есенгелдіқызы, «Атамекен» бастауыш партия ұйымының төрайымы Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы және партия мүшелері қатысты.
Алғашқы болып ашылған Бастауыш партия ұйымының қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар Жұмыс мәселесі және Дипломмен ауылға бағдарламасы аясында тұрғын үй мәселелері бойынша өз өтініштерін айтып тіркелді.
Өздеріңізге белгілі партияның кезектен тыс ХХІІ съезінде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықпен кері байланысты нығайту, халықтың уақытын үнемдеу, мәселелерді дер кезінде шешу үшін ірі бастауыш партия ұйымдарында да қоғамдық қабылдау бөлмелерін ашуды тапсырған болатын.
Алдағы уақытта тұрақты түрде Бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау өткізілетін болады.

01 сәуір 2022 ж. 867 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (9326)

11 тамыз 2025 ж.

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031