ПАРТИЯНЫҢ АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлының төрағалығымен аудандық партия активі отырысы офлайн және онлайн форматта өтті.
Актив отырысына аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топ жетекшілері, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Актив отырысына аудандық Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы партия фракциясы мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен партиялық топ жетекшілері, «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет президенті, «AMANAT» партиясының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауы талқыланып, маңызды бірқатар міндеттерді негізге ала отырып, 10 негізгі реформа бағыттары айтылды.
Аудандық партия активінің отысында алдымен Сайлау жүйесін жетілдіру туралы аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбаракұлы хабарлама жасады.
Келесі аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, фракция мүшелері Н.Мырзабеков, А.Рысбаева, Саяси кеңес мүшесі Б.Бәкір және Мәдениет үйі БПҰ төрайымы А. Каракеева өз пікірлерін білдіріп, жолдаудың басым – бағыттарына тоқталды.
Сондай-ақ филиал төрағасы, аудан әкімі Мақұлбеков Нариман Әскербекұлы партияластарды Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру бойынша реформаларында айқындалған еліміздің табысты дамуына бағытталған міндеттер мен партияны жаңғырту жұмыстарына одан әрі белсенділік танытуға шақырды.