ЕСЕПТІ КОНФЕРЕНЦИЯДА ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ!
Бүгін «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезекті XХХ есеп-беру сайлау конференциясы онлайн және офлайн форматында өтті.
Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сыздық Болат Мүбаракұлының төрағалығымен өткен конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық партия филиалының Саяси кеңес мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Шаутай Тілеуберген Құдайбергенұлы, облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Баян Сабырқызы, аудандық бастауыш партия ұйымдарынан 64 делегат, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Конференция жұмысында «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі, «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалы Саяси кеңесі мүшелерінің құрамын сайлау туралы, «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлау туралы үш мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Шиелі аудандық партия филиалының 2019-2020 жылдарында атқарылған жұмысы туралы Болат Мүбаракұлы баяндама жасап, алдағы міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ Шиелі аудандық партия филиалының Саяси кеңес мүшелері сайланып, Қызылорда облыстық партия филиалының ХXVIII есеп беру-сайлау Конференциясына делегаттар құрамы бекітілді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.