Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс XXVІ конференция өтті

Кезектен тыс XXVІ конференция өтті


Жуырда Арман мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс XXVІ конференциясы өтті. Онда партияның атқарған жұмысы талқыланып, белсенділікті арттыру міндеттері алға қойылды. Конференцияны партияның аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлы жүргізді.

Шараға саяси кеңестің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, үкіметтік емес ұйымдарыны мен «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты. Жиында екі мәселе талқыланды. Оның біріншісі партия төрағасы Н.Назарбаевтың «Nur Otan» партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл - ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру барысы туралы айтты. Екінші мәселе «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау тізімі қаралып, талқыланды.
Күн тәртіндегі алғашқы мәселе аясында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Маханбет, Еңбекші БПҰ төрағасы, Еңбекші ауылдық округінің әкімі Байымбет Омаров, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының мін­детін атқарушы Жандос Әбенов аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады. Сондай-ақ, аудан­дық мәслихат депутаты Нұрлан Әмір мен бірқатар делегаттар жар­ыс­­сөзге шығып, өз ойларын білдірді. Партияның XVIII съезінде Елбасының берген тапсырмаларын ор­ын­дау мақсатында 4 ұлттық жобаны іске асырып, орындап келеді. Осының нәтижесінде одан әрі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықты нығайтуда «Nur Otan» партиясы өлшеусіз үлесін қосуда. Қазіргі қазақстан экономикасының даму деңгейі әлеуметтік мәселелерге оң серпін беріп отыр. Кәсіпкерлік саласы дамып, жұмыс орындары ашылып, аудан экономикасы жанданып отыр.
Басқосудың соңғы мәселесі бойынша филиалдың саяси кеңес мүшесі Жандос Ахметов облыстық партия конференциясына ұсынылған делегаттардың тізімімен таныстырды. Сөйтіп, күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Сондай-ақ, «Nur Otan» аудандық филиалы саяси кеңесінің атынан ортақ мақсат – ел болашағы жолындағы саяси істерге сәттілік тілеп, жабық деп жариялады.­

Жұлдызай Ноғайбайқызы .
20 сәуір 2019 ж. 1 377 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930