Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған жерді толғаған жас таланттар

Туған жерді толғаған жас таланттар

Поэзия – жүректің үні, көңілдің көркем шежіресі. Ал туған жер мен Отанға деген сүйіспеншілікті өлеңмен өрнектеу – жас ұрпақтың рухани әлемін байытып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыратын тағылымды өнер. Осы мақсатты ту еткен аудандық көркемсөз оқу байқауы жас дарындардың басын қосып, жырсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.
Жуырда Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, «Алмалы ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ұлағатты ұстаз Дәулетбек Байдрахманұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Отан – деп соққан жүректер» атты жасөспірімдер арасындағы аудандық көркемсөз оқу байқауы өтті.
Өнер додасына 14-17 жас аралығындағы жас талапкерлер қатысып, өзара бақ сынады. Байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде қатысушылар Дәулетбек Байдрахманұлының бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқыса, екінші кезеңде Шиелі туралы ақындардың жырларын нақышына келтіре орындады.
Сахна төріне шыққан әрбір жас өрен өлеңнің мазмұны мен мәніне терең бойлап, ақын ойын көрермен жүрегіне жеткізуге талпынды. Бірі туған жердің тұғырын жырласа, енді бірі Отанға деген перзенттік махаббатын өлеңмен өрнектеді. Көркем сөздің кестесін келтіріп, дауыс ырғағы мен сахналық мәдениетін үйлестіре білген қатысушылар өздерінің ізденісі мен дайындығын танытты.
Байқау қорытындысы бойынша үздіктер анықталып, бас жүлде Ортақшыл ауылының қатысушысы ­Ерназар Қалиевке бұйырды. І орынды Тұрсынбай Датқа ауылының қатысушысы Меруерт Қали иеленсе, ІІ орын Алмалы ауылының қатысушысы Кәусар Ізетуллақызының еншісінде. Ал ІІІ орынды Досбол би ауылының қатысушысы Нұрсамал Мәлібекова қанжығалады.
Ұйымдастырушылар жүлдегерлер мен қатысушыларға марапаттар табыстап, жас таланттарға шығармашылық табыс пен өнер жолында толағай жетістіктер тіледі.

Г.Әбдіхани
17 қараша 2026 ж. 15 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (9454)

17 қараша 2026 ж.

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30