ЖҮРЕГІМЕН ЖЫР ЖАЗҒАН
ТҰҢҒЫШ ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫН ОҚЫРМАНДАРЫНА ГҮЛ ҚЫЛЫП ҰСЫНҒАН ДӘУЛЕТБЕК АҚЫН БАЙДРАХМАНҰЛЫ ШИЕЛІДЕН ШЫҚҚАН ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛДАСПАНЫ ЕДІ. «ГҮЛІМ БОЛСЫН ҰСЫНҒАН» ДЕП, «АЛДАСПАН» ЖЫРЛАРЫМЕН «ШИЕЛІДЕН ШЫҚҚАН ЖҰЛДЫЗДАРДЫ» «ЖЫРДАСТАН» ҚЫЛЫП ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕГЕН АҚЫН ЖАЙЫНДА ЖАЗУШЫ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АЛТЫНШАШ ЖАҒАНОВА «БҮГІНГІ АУЫЛ ӨМІРІНЕ КЕҢ ТЫНЫСТЫ АРАЛАСЫП ЖҮРГЕН ТАЛАНТТЫ АҚЫН ДӘУЛЕТБЕКТІ ТЕЗ АРАДА АСТАНАДАҒЫ ӘДЕБИ ОРТАҒА ШАҚЫРЫП АЛУЫМЫЗ ҚАЖЕТ» ДЕГЕН КӨРІНЕДІ. АУЫЛДА ТҰРЫП-АҚ АСТАнаҒА ТАНЫЛҒАН АҚЫН АҒАНЫ ЕСКЕ АЛЫП, АЛМАЛЫ ХАЛҚЫ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫН ӨТКІЗДІ.
Алмалы ауылы әкімінің келісімі, ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен Шиелі ауданының 90 жылдығы және Д.Байдрахманұлын еске алуға арналған «Жыр жазамын жүрегіммен» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы болып өтті. «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Махамбет және Алмалы ауылының әкімі Б.Баймағанбетовтың алғысөзімен ашылған жыр кешіне қара өлеңмен сусындауға келгендер қарасы көп болды. Мүшәйраға 20 ауылдан қатысқан жас ақындар арнауымен қоса Дәулетбек Байдрахманұлының жырын жатқа айтып, қос кезеңде бақтарын сынады. П.Махамбет төрағалық еткен қазылар алқасы жас ақындардың арыны мен шығармашылық шабытын бағамдай келе бас жүлдеге алмалылық А.Фазылованы лайық деп тапты. Сонымен қоса І,ІІ,ІІІ орын жүлдегерлері анықталып тиісінше, Г.Ниятуллаева, Е.Қалиев, А.Сәбитқызы, А.Мұратұлына бағалы сыйлар табысталды. Ақынның өнегелі өмір жолынан естеліктер айтылып, көзкөргендердің келісті әңгімесімен кестеленген кеш әсерлі өтті.
Бақытжан ЖОЛАМАНҰЛЫ.