Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегінен жыр төккен жанға арналған жыр кеші

Жүрегінен жыр төккен жанға арналған жыр кеші


«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы Алмалы партиялық тобы, Алмалы ауылдық округінде Шежірелі Шиелінің 90 жылдығы аясында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының еске алуға арналған «Жыр жазамын жүрегіммен» атты аудандық жазба ақындар мүшәйрасы өтті.
Мүшәйраға аудан бойынша 14-24 жас аралығындағы 20 ақын қатысты.
Мүшәйра барысында қатысушылар Дәулетбек Байдрахманұлына арналған өлеңі, ақынның кез-келген өліңін жатқа оқу кезеңдері бойынша бақ сынасты. 
Шара қорытындысы бойынша "БАС ЖҮЛДЕ" Фазылова Айсәулем Алмалы ауылы, I-орын Ниятуллаева Гүлжайна Ы.Жақаев ауылы, II-орын Қалиев Ердәулет Ортақшыл ауылы (14 жас), III-орын Сәбитқызы Арайлым Жөлек ауылы (15 жас), ІІІ-орын Мұратұлы Алмас Арман мәдениет үйі иеленді.
Шараға "Нұр Отан" партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Шаймерденқызы, Алмалы ауылдық округінің әкімі Б. Баймағанбетов, №181 мектеп директоры С.Бакирова, аудандық мәдениет үйі және аудандық «Өскен Өңір» газетінің тілшісі қатысып, жүлде иелеріне арнайы АЛҒЫС ХАТТАР мен бағалы сыйлықтар табыстады.
30 наурыз 2018 ж. 2 442 0