Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ

ПАРТИЯ БЕЛСЕНДІСІ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚТЫ



"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «ПМПК» Бастауыш партия ұйымы «Әуез» париялық тобының белсенді мүшесі, еңбек ардагері, үлгілі ұстаз Томаева Балхаштың «Өмірім Өнерім» атты зейнетке шығу шығармашылық кеші өтті. 
Шараға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбет, Аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Ж. Баймұратова, «ПМПК» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г. Тымбаулиева қатысып, ұстазға деген игі тілектерін білдіріп, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әшім Оразбекұлының арнайы алғыс хаты табысталып сый-сияпат көрсетілді. Шара Әуез мектебінің талантты шәкірттері мың бұрала билеп, әуелетіп ән айтып өз өнерлерін ортаға салды.
12 ақпан 2018 ж. 2 874 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9386)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (9385)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (9384)

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031