ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
Жақында «Руханият» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық-танымдық жиын өтті.
Жиынға «Руханият» бастауыш партия ұйымының төрағасы Гүлдана Жақыпова мен партия мүшесі Гүлнар Молдабекова қатысып, Президент Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен басым міндеттер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында Гүлдана Жақыпова Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген маңызды мәселелерге тоқталып, ел дамуының жаңа кезеңіндегі басымдықтар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады. Сонымен қатар, Жолдауда белгіленген бағыттардың қоғам өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Партия мүшесі Гүлнар Молдабекова Жолдаудың негізгі мазмұнына тоқталып, онда қамтылған өзекті мәселелер бойынша қатысушыларға түсініктеме берді. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың әл-ауқатын арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, адами капиталды жетілдіру және қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселелері сөз болды. Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Жолдауда айтылған міндеттер мен бастамаларды жүзеге асыру жолдары жөнінде ой бөлісті. Сондай-ақ, ел дамуына әрбір азаматтың қосар үлесі, қоғамдық белсенділік пен азаматтық жауапкершіліктің маңыздылығы атап өтілді.








