«БӘЙТЕРЕК» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жақында «Бәйтерек» бастауыш партия ұйымында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Президент Жолдауында көтерілген маңызды міндеттер мен ел дамуының басым бағыттары кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың, еңбек ұжымдарының және қоғамдық ұйымдардың жауапкершілігі мен белсенділігінің маңыздылығы атап өтілді. Жиын барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, ел болашағына қатысты өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Президент Жолдауында айқындалған бастамалардың өңірлік деңгейде жүзеге асуы және олардың халықтың тұрмыс-тіршілігіне тигізер ықпалы жөнінде әңгіме өрбіді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыруға атсалысу, қоғамдық белсенділікті арттыру және ел дамуына ортақ үлес қосу қажеттігі айтылды.









