Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Үлгілі» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру мақсатында ақпараттық кездесу өтті. Кездесуде «Үлгілі» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айгүл Нәбішеева баяндама жасап, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген негізгі міндеттер мен басым бағыттар жөнінде ақпарат берді.

Баяндама барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономиканы жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік салаларды жетілдіру және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері қамтылды. Президент Жолдауында көтерілген міндеттерді іске асыру тетіктері, олардың қоғам өміріндегі маңызы және партия ұйымдарының осы бағыттағы жұмыстары жөнінде түсіндірме жүргізілді.

Жиын барысында қатысушылар Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.Кездесу қорытындысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру және ақпараттық-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі атап өтілді.

19 қараша 2026 ж. 26 0