Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУ – ЖАҢҒЫРУ МЕН ДАМУДЫҢ БАҒДАРШАМЫ

ЖОЛДАУ – ЖАҢҒЫРУ МЕН ДАМУДЫҢ БАҒДАРШАМЫ

«Бірлік» бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген негізгі бағыттар мен міндеттерге тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайту мәселелерін талқылады.
Жиынға қатысушылар Жолдауда белгіленген басымдықтарды жүзеге асыруда әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, өзара пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу қорытындысында Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосу және партиялық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі сөз болды.

19 қараша 2026 ж. 19 0