Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «СҰЛУТӨБЕ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«СҰЛУТӨБЕ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен маңызды міндеттерді халық арасында кеңінен түсіндіру, оның негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Сұлутөбе» бастауыш партия ұйымында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге бастауыш партия ұйымының мүшелері мен ұстаздар қатысып, ел дамуының алдағы кезеңіне арналған маңызды мәселелерді талқылады.



Жиынды «Сұлутөбе» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айгүл Елжасарова жүргізіп, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерге жан-жақты тоқталды. Ол өз сөзінде Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттер, экономиканы дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік саланы жетілдіру, білім мен денсаулық сақтау жүйесін дамыту, цифрландыру және мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Жолдауда айтылған бастамалардың ел болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, әрбір азаматтың қоғамдағы өзгерістерге белсенді қатысуы, ел дамуына өз үлесін қосуы қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар Жолдауда қамтылған мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ ауылдық жерлерді дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешу және тұрғындардың сұранысына сәйкес жұмыстар жүргізу жөнінде пікір алмасты.

Дөңгелек үстел қорытындысында қатысушылар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда бірлік пен жауапкершіліктің, қоғамдық белсенділік пен ортақ мүдденің маңыздылығын атап өтті.
13 қараша 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30