Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «БӘЙГЕҚҰМ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ: ЖОЛДАУ - МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

«БӘЙГЕҚҰМ" БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ: ЖОЛДАУ - МЕМЛЕКЕТ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын "Бәйгеқұм" БПҰ-ның мүшелері талқылау жиынын өткізді. Жиынды "Бәйгеқұм" БПҰ - ның төрағасы Әлтаев Ғалымжан Халықбекұлы ашып берді.

Партия мүшелері халықпен тығыз байланыста болып, ел дамуына бағытталған саяси бастамаларды насихаттауда жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Осы орайда мектеп әкімшілігінің жауапты мамандары Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жолдауда айқындалған басым бағыттарға кеңінен тоқталды. Әсіресе, ел экономикасын әртараптандыру, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтау саласын жетілдіру, аймақтық инфрақұрылымды нығайту, жасанды интеллекті дамыған озық елдің қатарына кіру мәселелері жан-жақты баяндалды. Жиынға қатысқан партия мүшелері Жолдауда көрсетілген бағыттар бойынша өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

«Жолдау – мемлекет дамуының стратегиялық бағдары.Бұл – біздің ортақ жауапкершілігіміз», – деді Ғалымжан Әлтаев. Талқылау барысында– ел Президентінің саяси бағытын қолдау, оның мән-мағынасын тұрғындарға кеңінен түсіндіру екендігі айтылды.

#AMANAT
#ЖОЛДАУ2025
19 қыркүйек 2025 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930