Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

ЖОЛДАУДА АЙҚЫНДАЛҒАН БАҒЫТТАР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті мәжіліс отырысы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған басым бағыттарды жүзеге асыру жайы талқыланды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат төрағасы,“Amanat” партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мемлекет басшысы ел экономикасын дамытудың 7 маңызды негізгі бағытын белгіледі. Атап айтсақ, елімізге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беру, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, көлік логистикасын, экономиканы, адам капиталын, елімізді цифрлық дамытуға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жаңа міндеттер.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша аудан көлемінде нақты жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Әсіресе, ауыл шаруашылығына қатысты – пайдаланылмай жатқан және заңсыз иемденілген жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару, оны тиімді игеретін азаматтарға қайта бөлу тапсырылды.
Сонымен қатар, өңірдегі цифрландыру, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, білім мен денсаулық сақтау саласын жетілдіру секілді маңызды бағыттар бойынша да міндеттер айқындалды.
Жиын соңында аудан әкімі барлық бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне Жолдауды халыққа кеңінен насихаттап, нақты іске көшуді тапсырды.

Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930