Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұраиова қатысты. Жиын барысында аудандағы маңызды бағыттар бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.
Мәжіліс барысында үш негізгі мәселе талқыланды:
Аудан бойынша барлық экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджет қаржысының игерілуі туралы
Бұл жөнінде Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Маратжан Асқарбекұлы баяндама жасап, ағымдағы жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен бюджеттің орындалуы туралы мәлімет берді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы
Мәселе бойынша Шиелі кенті әкімінің орынбасары Қанат Рахманбердіұлы хабарлама жасап, сенбілік және тазалық жұмыстарының нәтижесі мен жоспарларын таныстырды.
Елді мекендерді абаттандыру қағидалары бойынша әкімдерге әдістемелік көмек көрсету туралы
Аталған мәселе жөнінде аудан әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Тұрар Баянәліұлы баяндама жасады.
Аудан әкімі мәжіліс соңында нақты тапсырмалар берді:
- Қоқыс жәшіктерін күнделікті екі рет (таңертең және кешке) тазарту– «Формула безопасности Астана» ЖШС-на тапсырылды;
- Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеті мен тазалығын қадағалау – Аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен Шиелі кенті әкімдігіне;
- Көпқабатты үйлердің қасбетін ретке келтіру, аулаларын абаттандыру – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне;
- Құрылыс нысандарының қауіпсіздігі мен тазалығын бақылау – Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне;
Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі тапсырмалардың іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
19 маусым 2025 ж. 121 0