Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмаларды пысықтады

Тапсырмаларды пысықтады

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Жаниязовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңес отырысы өтті. Жиынға аудандағы үкіметтік емес ұйымдар және дербес бөлім басшылары, кеңес мүшелері қатысты. Кеңес отырысында күн тәртібінде тұрған үш мәселе тыңдалып, ұсыныстар талқыланды.
Үкіметтік емес ұйымдармен – қоғам дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Бүгінгі таңда үкіметтік емес сектор азаматтық қоғамның ажырамас бөлігіне айналып, тікелей дамуына әсер етіп, жақсы нәтижелерге жетіп отыр. Бірінші тақырып бойынша сөз алған кент әкімінің орынбасары Б.Баймағамбетов көпшілікті ауданда үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл әріптестік бағытында атқарылған шаралар мен алдағы уақытта атқарылатын міндеттер туралы баяндамада айтылды. Ал, келесі тақырыпта сөз алған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы И.Байкенжеев мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ұсынысы негізінде ұйымдастырылған шараларды тәптіштеп айтты. Сондай-ақ, кез келген ауданға қатысты шараның бас-қасында жүретінін де тілге тиек етті. Ал, аудандық бюджеттен қаралған қаржы аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындаған қоғамдық ұйымдардың жұмыстары туралы «Шиелі ауданының әйелдері» қоғамдық қордың төрайымы Шамшат Оразымбеттің баяндамасында айтылып өтті. Аталған салалардың баяндамасын тыңдаған соң, хабарламашыларға тапсырмалар беріліп, ұсыныстар айтылды. Үкіметтік емес ұйымдардың аудан көлемінде атқарылып отырған жұмыстарын әр ай сайын қорытындылап, мәліметтерді тиісті мекемеге тапсыра отырып, аудан әкімінің орынбасары осы мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Жұлдызай Ноғайбайқызы.
18 қыркүйек 2018 ж. 1 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031