Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » жегі құртқа жол берме

жегі құртқа жол берме


Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысын аудан әкімі Ә.Оразбекұлы ашып, жүргізді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, комиссия құрамы, құқық қорғау органдарының басшылары, дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшылары және мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің 200-бабының талабына сәйкес орын алған заң бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды қолдану туралы ұсынудың қаралуы және Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарған жұмыстары туралы  мәселелер қаралды.  Сондай-ақ, жоспардан тыс Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары жөніндегі мәселе қаралды.
Жоспардан тыс бірінші мәселе бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі)  Қызылорда облысы бойынша департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ауданаралық басқармасының бастығы Руслан Ибайдуллаұлы баяндама жасады. Шиелі ауданы әкімінің аппарат басшысы Ғ.Күлбаевқа, білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің басшылары орын алған кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды болдырмау және қалпына келтіру мақсатында тиісті бақылау шараларын күшейту жайлы аудандық білім бөлімі басшысы Б.Сейілхановқа тапсырмалар берілді.
Комиссия отырысының күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөз кезегі «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерлан Талғатбекұлына берілсе, Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары туралы Н.Иманғалиев сөз қозғады. Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында өткізілген отырыс барысында түрлі сауалдар қойылып, сала мамандарына тиісті тапсырмалар берілді.
Ғ.БАУЫРЖАНҚЫЗЫ.
29 шілде 2018 ж. 1 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930