СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің студенттеріне арналған жатақхананың жағдайымен танысу мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілді. Зерделеу жұмысына «Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова және партия белсенділері қатысты.
Мониторинг барысында жатақхананың жалпы жағдайы, студенттерге жасалған тұрмыстық жағдайлар, бөлмелердің тазалығы мен санитарлық талаптардың сақталуы назарға алынды. Аталған жатақханада студенттерді орналастыруға арналған 200-ден астам орын дайындалған. Сонымен қатар, білім алушылардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада тұруына қажетті жағдайлармен танысып, жатақхананың материалдық-тұрмыстық жағдайына зерделеу жүргізілді.
Мониторингтің негізгі мақсаты студенттердің тұру жағдайын бағалау, олардың әлеуметтік-тұрмыстық қажеттіліктерін ескеру және жатақханадағы жағдайды жақсарту бағытындағы мәселелерді анықтау.
«Әділет» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Жібек Баймұратова студенттердің сапалы білім алуымен қатар, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
- «Студенттердің алаңсыз білім алып, жайлы әрі қауіпсіз ортада тұруы – маңызды мәселелердің бірі. Жатақханадағы жағдайды зерделеудің негізгі мақсаты жастарға жасалған мүмкіндіктермен танысып, олардың тұрмыс жағдайын жақсартуды қажет ететін мәселелерге назар аудару. Білім алушылардың талап-тілектерін ескеріп, олардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңызы зор», – деді Жібек Баймұратова.
Осындай жұмыстар жастардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және студенттердің тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.







