Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАР МЕН ЕМХАНАНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

АУДАНДАҒЫ ДӘРІХАНАЛАР МЕН ЕМХАНАНЫҢ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІНЕ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалы жанынан мониторинг топ құрылып, ауданда орналасқан дәріханалар мен аудандық емханада болып аудан тұрғындардың қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуына жоспарлы түрде мониторинг жұмыстарын жүргізіп, партиялық бақылау жасады.
Мониторинг топ құрамына "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Болат Сыздық, партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова, Шиелі аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссия мүшесі Ғани Есімов, аудандық мәслихат депутаты Нұргүл Шалекеева, аудандық емхана меңгерушісі Гүлзира Даулетова, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жетекші маманы Мұхамедәлі Сәдуақасов, аудандық партия филиалының консультанты Біржан Өтебай, «Жастар Рухы» ЖҚ Шиелі бөлімше басшысы Азамат Қали енгізіліп, партиялық бақылау жүргізді.
Мониторинг барысында халықтың айтып жүрген мәселелерін ескере отырып, дәріханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне және олардың жабдықталуын зерделеу бойынша дәрілер қорына бақылау жүргізіліп, орын алған кемшіліктер бойынша тиісті жұмыстар атқарылу керекті айтылды. Дәріханалардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкестігіне маңыз берілуі қажет.
Сондай-ақ бірқатар дәріхана иелеріне тұрмыстық, шаруашылық тауарлар мен кондитерлік өнімдер, газдалған сусындардың сатылымда болуы себепті ескерту жасалды. Бүгінгі күні аудандағы емдеу ұйымдарында арнайы тіркеуде тұрған 6 057 науқасқа 10 536 рецепті жазылып, 39,878 млн теңгеге дәрілік заттарға игерілу жұмыстары жасалған. Мониторинг барысында аудандық емханада қажетті дәрі – дәрмектердің жеткілікті және талап сай сақталып жабдықталуы анықталды.


21 ақпан 2025 ж. 69 0